Бір күн ауылда
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы мен « 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - ұлт жоспарын іске асыру аясында Қазақстан қоғамында патриоттықты дамытуға маңызды назар аударылуда. Сонымен бірге Президент патриоттық бағыт пен тәрбиені кеңейту ұсынысын практикада жүзеге асыруда «Туған жер», «Туған ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларды ұсынады. «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласында елбасы « патриотизм жеріне, өз ауылына, қаласына,аймағына,кіші Отанына деген сүйіспеншілігі» деп жазған. Неге Кіші Отаны ? Кіші Отан туып өскен, кіндік қаның тамған жер.
Ауданымызда 18 мамыр күні «Бір күн ауылда » жобасының шеңберінде қала балаларын ауыл өмірімен таныстыру мақсатында «Айналаға қара» кіші жобасы басталды. Мектебімізден 22 оқушы Қарашілік және Көрнекті ауылдарында болды. Оқушыларымызды салтанатты концертпен ауыл мектебінің оқушылары қарсы алды. Оқушыларды мектеп асханасының ұйымдастырған таңғыасына шақырды. Балалар үшін ең қызықтысы шаруа қожалығының үйі мен малфермасына баруы. Мал шаруашылығында балалар жылқылар мен сиырларды көріп қойған жоқ, сонымен қатар оларға жемшөп дайындау процесін көрді.
Бұл іс- шара барысында біздің мектеп оқушылары ауыл өмірімен танысты.
Оқушылар ауыл адамдарының жауапты және мейірімді қасиеттерін атап өтті. Экскурсия соңында «Қарашілік ауылына, рахмет!» деген сөздермен оқушыларымыз шаруашылық қожалық иелеріне және мектеп әкімшілігіне ризалықтарын білдірді.