"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

 

Орналасу картасы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Передача ребенка (детей) на воспитание в приемную семью и назначение выплаты денежных средств на их содержание

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрығына
6-қосымша

"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - портал);

      4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) немесе портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      4. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      6. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, туу туралы анықтаманы, неке қию туралы куәлікті ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), егер некеде тұрған болса, көрсетілетін қызметті алушы мен жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұрғын үйге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін (бұдан әрі - акт) жасайды.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші акт жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт (бұдан әрі-шарт) жасасу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде шарт жасасу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға хабардар етеді немесе жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы шарт жасасу туралы хабарламаны немесе хабарламаны алғаннан кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес шартқа қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде келуі қажет.

      11. Шартқа қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды ұстауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешімді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды

      12. Құжаттарды қарастырудың жалпы мерзімі, баланы (балаларды) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.

      Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және
оларды асырауға ақшалай
қаражат төлеуді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының,
облыстық маңызы бар
аудандар мен қалалардың
жергілікті атқарушы органдары
___________________________
__________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
және жеке сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы және телефоны

Өтініш

      Қабылдаушы отбасына балаларды тәрбиелеуге және асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындауды сұраймын:

      1. __________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және

      балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      2. __________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және

      балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3. __________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және

      балалардың жеке сәйкестендіру нөмірі)

      4. __________________________________________________________________

      (баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), және

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Тұрғын үй-тұрмыстық жағдай зерттеу жүргізуге қарсы емеспін.

      Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20__ жылғы "___" ______________ (қолы)

 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және
оларды асырауға ақшалай
қаражат төлеуді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде –10 (он) жұмыс күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

4

Көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы хабарлама және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (бұдан әрі - № 692 бұйрық) (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;
5) көрсетілетін қызметті алушының және некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын (жалдау шартын) растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесі;
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың дайындықтан өткені туралы сертификат;
9) осы бұйрықпен бекітілген Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес баланың (балалардың) (он жасқа толған кезде) пікірі.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде неке қию туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамалардың электрондық көшірмелері;
5) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығы бар екендігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
6) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың электрондық көшірмесі;
7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың дайындықтан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі;
8) осы бұйрықпен бекітілген Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес баланың (балалардың) (он жасқа толған кезде) пікірінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;
3) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуі;
4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетілуі;
5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешімі;
6) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;
7) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұратын жерінің болмауы;
8) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 13) тармақшасында аталған адамдар;
9) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;
10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамның өтініші;
11) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;
12) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;
13) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген көрсетілетін қызметті алушылардың (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Жүктеу

 

 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және
оларды асырауға ақшалай
қаражат төлеуді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 

____________________________
(Нұр-Сұлтан, Алматы және
Шымкент қалаларының,
облыстық маңызы бар
аудандар мен қалалардың
жергілікті атқарушы органдары)

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама

      Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болғанда), ЖСН ______________

      Көрсетілетін қызметті алушының туған күні ____________________________

      Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт жасау

      үшін ______________________________________ мекенжайы бойынша

      орналасқан (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық

      маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының

      органдарының мекенжайы) _______________________________

      (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар

      мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары) хабарласу қажет.

      Жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен расталған хабарлама _______________________

      (жауапты тұлғаның Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы)

 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және
оларды асырауға ақшалай
қаражат төлеуді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы ШАРТ

      Қала/аудан                   №___                   20___ жылғы "__" _________

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің 132-2 бабының негізінде

      ___________________________________________________

      (органның атауы)

      қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның

      атынан ______________________________________________________________

                        (өкілетті лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (бар болғанда) және лауазымы)

      сондай-ақ ___________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________тұлғасында

      (өкілетті лауазымды тұлғаның аты-жөні және лауазымы)

      және қабылдаушы отбасылар ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болғанда), жеке куәлігі қашан және кіммен берілді)

      төмендегі туралы осы Шартты жасады:

1. Шарттың мәні

      1. Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияны жүзеге асыратын орган жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымынан _____________________

      ___________________________________________________________________

      (баланың Т.А.Ә. (бар болғанда), туған жылы, туу туралы куәлігінің №, сериясы немесе жеке куәлігі қашан және кіммен берілді) асырап алушы отбасына тәрбиеленуге берілді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияны жүзеге асыратын орган:

      1) баланы асырап-бағуға бөлінген қаражаттың жұмсалуына, сондай-ақ олардың мүлкінің басқарылуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

      2) қабылдап алынған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға көмек көрсетуге, оқытудың және тәрбиелеудің түрлері мен әдістерін ұсынуға;

      3) әр айдың 15-күнінен кешіктірмей заңнамада көзделген нормалардың негізінде баланы қабылдайтын ата-аналардың банк шоттарына баланы асырап-бағуға ақшалай қаражатты аударуға;

      4) баланың (балалардың) мүддесін ескере отырып, қабылдап алған баланың жақын туыстарымен қарым-қатынас тәртібін анықтауға және дауларды қарауға;

      5) баланы қабылдайтын ата-аналар қабылдап алынған балалардың мүліктерін қорғау және олардың мүліктерін басқару (мүлікті бүлдіру, мүлікті дұрыс сақтамау, мүлікті тиімді жұмсамау, қабылдап алынған балалардың мүлкінің құнын азайтуға әкеп соғатын әрекет жасау) бойынша міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы бұл жөнінде акт жасап, қабылдап алған ата-аналарға қабылдап алынған балаларға келтірілген шығындардың орнын толтыру туралы талаптар қоюға міндеттенеді.

      2. Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функцияны жүзеге асыратын орган:

      1) осы Шарт бойынша органның құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін баланы қабылдап алушы ата-аналардан қажетті ақпаратты сұратуға;

      2) қабылдап алынған балалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді баланы қабылдап алушы ата-аналарға міндеттеуге;

      3) мынадай жағдайларда:

      - өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамаса;

      - қабылдап алынған балалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылса, соның ішінде қабылдап алушы ата-аналар пайдакүнемдік іс-әрекет жасаса не балаларды қараусыз және қажетті көмексіз қалдырса, қабылдап алған ата-аналарды өзіне жүктелген міндеттерді орындаудан босатуға құқылы.

3. Жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның міндеттері:

      1) асырап алушы отбасына Асырап алушы отбасы туралы ережеде белгіленген тізімге сәйкес бала туралы мәліметті беру;

      2) асырап алушы отбасына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

4. Жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар баланы ұстау, тәрбиелеу, оқыту жағдайын бақылау мақсатында алты айда 1 рет асырап алушы отбасына баруға құқылы.

5. Асырап алушы отбасының міндеттері:

      1) асырап алынған балаларды тәрбиелеу, олардың денсаулығын, адами және дене дамуын күту, білім алу және дербес өмірге дайындық үшін қажетті жағдайларды жасау;

      2) асырап алынған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау, соның ішінде асырап алушы отбасының тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй алу үшін есепке қою;

      3) асырап алынған балалармен бірге тұру;

      4) асырап алушы ата-анаға берілген баланың құжаттарына, қаражатына және балаға тиісті басқа мүліктің сақтығын қамтамасыз ету;

      5) қорғаншылық және қамқоршылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органды баланы ұстау, тәрбиелеу, оқыту үшін қолайсыз жағдай туындағаны туралы хабардар ету;

      6) қорғаншылық және қамқоршылық органын асырап алушы отбасы туралы Ереженің талаптарына сәйкес тұрғылықты жерін ауыстыру туралы жазбаша хабардар етуге;

      7) алты айда бір реттен кем емес:

      жетім-балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін білім беру ұйымына "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген, есептің нысаны бойынша баланың денсаулығы және тәрбиесі туралы есепті, қорғаншылық және қамқоршылық органына жетім-баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұстауға бөлінген қаражатты жұмсау және де оның мүлігін басқару туралы есепті ұсынуға міндетті.

      5. Асырап алушы отбасы:

      1) балалардың пікірлері мен қорғаншылық және қамқоршылық органының ұсыныстарын есепке ала отырып, асырап алынған балаларды тәрбиелеу нысанын дербес анықтау;

      2) асырап алынған балаларды тәрбиелеу, білім беру, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кеңес көмегін алу;

      3) өздерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырған кезде асырап алушы ата-ана балалардың психикалық және дене денсаулығына, олардың адами дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Асырап алынған балаларды тәрбиелеу әдістері өзіне қатаң, өрескел, адами абыройды төмендететін қатынасты, сөгу немесе балаларды пайдалануды қоспауы тиіс.

5. Шарттың мерзімі

      1. Осы Шарт 20__ жылы "__" _________ бастап 20__жылы _______ дейінгі мерзімге (кәмелетке толғанша) жасалған және қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы шарт тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      3. Баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт мынадай жағдайларда:

      - дәлелді себептер (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалармен дау-жанжал) болған жағдайда баланы қабылдап алған ата-аналардың бастамасы бойынша;

      - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағу, тәрбиелеу және оқыту үшін жағымсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленген білім беру ұйымының бастамасы бойынша;

      - бала ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген немесе асырап алынған жағдайларда;

      - баланы қабылдайтын ата-аналар облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.

      4. Осы шартты орындау процесінде тараптар арасында туындаған дау-дамай оның туындаған кезінен бастап өзара келісілген шешімге келу мақсатында тараптармен бір ай мерзімде қарастырылады, келісім болмаған жағдайда сот арқылы шешіледі.

      Қорғаншылық және қамқоршылық             Асырап алушы отбасы

      бойынша функцияны жүзеге асыратын             ____________________________

      орган __________________________             мекенжайы

      органның атауы                               _____________________________

      ______________________________             Т.А.Ә. (бар болғанда) (қолы)

                        мекенжайы                         _______________________________

      Т.А.Ә. (бар болғанда) (қолы)

      Жетім-балалар және ата-анасының

      қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған

      ұйым ________________________________

      ұйымның атауы

      _____________________________________

      мекенжайы _____________________________

      _____________ Т.А.Ә. (бар болғанда) (қолы)

 

"Баланы (балаларды)
қабылдаушы отбасына
тәрбиелеуге беру және
оларды асырауға ақшалай
қаражат төлеуді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
5-қосымша

 

Нысан

Қабылдаушы отбасына баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешім

      20 ___ жылғы "___" _______________                               № ____

      ____________________________________________________________________

      (органның атауы)

      Істің № ___________________________________________________________

      Азамат(ша) _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Өтініш берген күні_____________________________________________________

      Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _____________________________

      Баланың туған жылы __________________________________________________

      Баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт _________________________

      Жасалған күні 20 ___ жылғы "___" ______________

      Тағайындалған ақшалай қаражат сомасы

      20____ жылғы "___" __________ 20____ жылғы "___" __________ мөлшерінде

      айлық есептік көрсеткіш (жазумен)

      Ақшалай қаражатты төлеуді тоқтату себебі: ______________________________

      Мөрдің орны (бар болғанда)

      ___________________________

      (орган басшысының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы) (тегі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 05.02.2021 15:47
Құрылған күні: 05.02.2021 15:47

Текст