Жыл сайын мектебімізде мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіліп, мектеп оқушылары әртүрлі тақырыптар бойынша ғылыми жобаларын қорғайды.
Ғылыми-тәжірибелік конференция – жас зерттеушілер өз жұмыстарын ұсынып, проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасатын шара.
Оның мақсаты –ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне оқушыларды тарту және білім алудың кейінгі кезеңіне дайындау.
Әр түрлі пәндер бойынша 12 жоба ұсынылды: орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, әдебиет, жаратылыстану, биология, технология, физика.
Жұмыстың тақырыптары өте алуан түрлі болды, бұл мектеп оқушыларының қызығушылықтарының әртүрлілігін көрсетеді.
Сараптамалық комиссия жобаны қорғаудың бүкіл процедурасы бойы жұмыс істеді.
Балалар жұмысы практикалық және зерттеушілік маңыздылығымен ерекшеленді.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның барлық қатысушыларына қызықты, өзекті жұмыстар үшін алғыс айтамыз!