Құрметті жазылушылар! 2026 жылғы 1-30 наурыз аралығында «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есепті жария талқылауға қатысуға шақырамыз. Есеп Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.