1-2 ақпанда 5-6 сыныптар арасында Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден 8 пән бойынша 16 оқушы қатысты.
5-сынып оқушылары білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, төмендегідей нәтиже көрсетті:
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәнінен Ярослав Осипов І орынға ие болды, жетекшісі Бекова Назира Нурушқызы.
Ыбырай Сабина – қазақ тілінде оқытатын орыс тілі пәнінен ІІ орын, жетекшісі Елена Мейрамовна Бөкенова.
Балтабек Сезім – қазақ тілінде оқытатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2 орын, жетекшісі Баймендина Алтынай Тоқтарқызы.
Қуаныш Еркебұлан –математика пәнінен мадақтама қағазын алды, жетекшісі Боранбаева Айжан Оспановна.
Мектебіміздің 6-сынып оқушылары келесі орындарға ие болды:
Майканова Айкенай – ағылшын тілі пәнінен 1 орын, жетекшісі Сидоренко Елена Борисовна.
Цыцура Ростислав –оқыту орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәнінен 1 орын, жетекшісі Алдабергенова Анар Молдахметовна.
Айтымов Радмир – Қазақстан тарихы пәнінен 2 орын, жетекшісі Канапина Айгуль Усербаевна.
Қарадин Айару – қазақ тілінде оқытатын қазақ тілі пәнінен ІІІ орын, жетекшісі Баймендина Алтынай Тоқтарқызы.
Бірінші орын алған оқушылар Көкшетау қаласында өтетін облыстық кезеңде мектебіміздің намысын қорғайды.
Оқушылар мен әріптестерді лайықты дипломдарымен құттықтаймыз! Алда әлі талай жеңістер мен талай асулардан асып белестерді бағындыратындарына сенеміз!