"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

 

Орналасу картасы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылының 1 тоқсанының нәтижелері бойынша білім сапасына салыстырмалы талдау

 

2019-2020 оқу жылының 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасына салыстырмалы талдау есебі

1.Мектеп контингентіне мінездеме Характеристика контингента школы

2019-2020 оқу жылының 1-ші тоқсанның қорытындысы бойынша мектепте 679 оқушы, оның ішінде 28 оқушы даярлық сыныбында білім алуда.

Бастауыш буында: 1-4 сыныптарда – 338 оқушы

Орта буында: 5-9 сыныптар аралығында  - 302 оқушы

Жоғары буында: 10-11 сыныптарда – 39 оқушы

Мектепте 38 класс –комплект жұмыс жасайды, оның ішінде 2 класс – комплект – даярлық сыныптары, 9 сынып – комплект оқытылу қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар – 117 оқушы білім алса, 27 класс – комплект оқытылуы орыс тілінде жүргізілетін сыныптар – 562 оқушы білім алуда. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 7 сыныптарда 1 параллель қосылса, даярлық сыныбында 1 класс- комплектіге азайды, бұның себебі алты жасар балаларды 1- сыныпқа қабылдануы.  

2.  Оқу әрекеті

Жұмыс режимі: бескүндік оқу аптасы. Сабақ екі ауысымда жүргізіледі.

Денсаулығына байланысты үйде жекелей оқылымда  4 оқушы білім (Ахметшин Святослав – 3в сынып, Радченко Руслан – 6в сынып, Павлов Дамир – 8б сынып, Колбаева Анель – 9 а сынып)

Үлгерім пайызы : общий  по школе- 100 %.

Білім сапасы: жалпы мектеп бойынша — 32,7  %

Озат оқушы саны:  - 62 оқушы, бұл көрсеткіш 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 45 % төмен.

«4» пен «5» оқитын оқушы саны:  - 160 оқушы, бұл көрсеткіш 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен салыстырғанда 36,5 % төмен. Сонымен қоса 1 сыныптарға 1-ші жартыжылдықта қорытынды аттестаттау болмайтындығын ескеру қажет.

2019-2020 оқу жылының 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасы 32,7 %, бұл көрсеткіш өткен оқу жылының 1-ші тоқсанының қорытындысынан 4,4% кем.

Бастауыш буын – 32,2%, бұл көрсеткіш өткен оқу жылының 1-ші тоқсанына қарағанда 12,5% төмен.

Орта буын – 30 %, бұл көрсеткіш өткен оқу жылының 1-ші тоқсанына қарағанда 2 % жоғары.

Жоғары буын – 53,8 %, бұл көрсеткіш өткен оқу жылының 1-ші тоқсанына қарағанда 15,4 % жоғары.

Диаграммадан байқағандай бастауыш буындағы барлық сыныптарда білім сапасының көрсеткіші төмендеген. Салыстырмалы түрде төмен көрсеткіш 4 сыныптарда(43,2%), ал жоғары 3 сыныптарда (48,8%).

Орта буында төмен көрсеткіш  7 (21%), 6 (26,9%), 9 (28,6%) сыныптарда болса, салыстырмалы жоғары көрсеткіш 5 сыныптар көрсетуде.  10-11 шамалы өсім байқалады, 16,6% және  6,2 % сәйкесінше.

Как следует из диаграммы наблюдается понижение качества знаний во всех классах начального звена.

10 сыныпта білім сапасының мектеп бойынша салыстырмалы жоғары көрсеткіші - 54,5% тең.

Ұсыныстар:

  1.  Сынып жетекшілерге:
  • Оқушылардың сабақ босатпауын қамтамасыз ету,
  • Пән ұстаздарымен, ата- аналармен сабақ үлгерімі бойынша тығыз қарым – қатынаста болу
  1. Пән мұғалімдеріне:
  • Пән бойынша  сабақ үлгерімі көрсеткіші бойынша  әр оқушы / әр сынып арасында жетістік мониторингін жүргізу
  • Үлгерімі төмен оқушыларымен жеке жұмыс жоспарын жүргізу
  • Дарынды балаларды айқындау әрі қолдау

орынд. Капарова М.О.

директордың ОІ жөніндегі орынбасары

тел. 4 15 81

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 17.02.2020 10:15
Құрылған күні: 19.02.2020 16:11

Текст