Күні: 12.02.2021ж
Сыныбы: 3 «А »
Мұғалімі: Бекмаханова М.С
Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет»
Мақсаты: Оқушылардың білімдік дағдыларын қалыптастыра отырып,адами бағыттағы сауаттылығын жетілдіру,адами құндылық қасиеттерін шыңдау.
Міндеті :Бәсекеге қабілетті,дені сау,жан-жақты білімді,сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар топқа бөлінді. С.Назарбаеваның «Өмір әдебі» кітабынан үзінділер оқылды.Жалпыадамзаттық бес құндылықтар айтылды.А.Құнанбайұлының айтқан адами қасиеттерге тоқталды. « Адами құндылықтар» тақырыбында бейнефильм көрсетіліп,оқушылар пікір алысты. Кәмпиттерге жазылған тапсырмаларды ашып,сұрақтарға жауап берді. «Әдептілік» жайлы өлең жолдарымен толықтырды. « Құпия хат »ашылып,сұрақтарға жауап берілді.Көрермендермен сұрақ жүргізілді.Мақал-мәтелдермен,ырым-тыйым сөздермен слайд көрсетіліп,мағынасы түсіндірілді. «Орнын тап», «Білгенге маржан» ойыны ойнатылды.Шығармашылық тапсырмалар орындалды.Білім алушылар бір-біріне тілектер айтып,рефлекция жүргізілді.Сабақ қорытындыланып, « Бала тілегі» әнімен аяқталды.