Жоспарға сәйкес 5 «А» сынып оқушыларынан орта буынға бейімделу, мектептегі мазасыздық, үрей деңгейі бақылау мақсатында Филлипс тесті жүргізілді.
Ал қашықтықтан білім алып жатқан 6 «А», 7 «А» сыныптарынан бұл атаулы тест Google формасы арқылы алынып жатыр.
Мектеп ата – аналарына «Отбасындағы көтермелеу мен жазалау қарым-қатынасы» тақырыбында мектеп педагог – психологтарының Instagram парақшасына жадынамалық ағарту жұмысы жүргізілді. https://www.instagram.com/p/CMBqGyHHkfF/?igshid=ezmxcc10oddd
«5-сынып оқушыларына бейімделу бойынша жүргізілетін психологиялық сабақтар» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілді.
Бағдарлама мақсаты:
5-ші сынып оқушыларына орта мектепте оқуға бейімделу үрдісіне психолого-педагогикалық көмек көрсету.
Бағдарлама міндеттері:
- орта буында оқу бейімділіктерін, дағдылары туралы түсінікті;
- өздігінен қабылдау, өздігінен ашылу және басқаларды қабылдау негізінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын;
- қандайда бір іс әрекет жасауда өзінің жетістіктеріне және қателіктеріне деген барабар қатынас, өз-өзін сенімді ұстау дағдысын дамыту;
- өзі туралы даму мүмкіншілігі зор адам ретінде түсінік қалыптастыру
Орындады: А.Ж Индиульмесова., мектеп педагог-психологы