19.01.2021 ж 9 «А» сынып оқушыларының арасында «Мамандық таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама» атты сауалнама өтті
Сауалнама мақсаты – оқушылардың кәсіби ниеттерін зерттеу.
Жұмыс түрі: жоспар бойынша.
Сауалнамаға 7 оқушы қатысты.
Сауалнаманың көптеген сұрақтарына оқушылар өздерінің ойдағы, болашақтағы мамандықтарына сүйеніп жауап берді. Оқушылардың кейбірі өз мамандықтарын әлі де нақты анықтамаған, сол себепті сұрақтарға өздерінің қалау, ниетіне байланысты жауап нұсқаларын белгіледі.
Ұсыныс: кәсіптік бағыт бойынша ары қарайда жоспар бойынша жұмысты жалғастыру.
Өткізген мектеп педагог-психологы А.Ж. Индиульмесова
Анықтама
05.02.2021 ж 9 «А» сынып оқушыларының арасында «Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы өткізілді.
Сауалнама мақсаты – мамандық таңдауда оқушылардың дайындық деңгейін анықтау.
Жұмыс түрі: жоспар бойынша.
Сауалнамаға 6 оқушы қатысты.
Сауалнама бойынша оқушылар дайындық деңгейі осындай көрсеткіш көрсетті:
Жоғары деңгейді – 1оқушы;
Орташа деңгейді – 4 оқушы.
Төмен деңгейді – 1 оқушы көрсетті.
Дайын емес деңгей – 0.
Тестілеуден кейін сыныппен тренинг жұмыстары жүргізілді. Ары қарай да жоспар бойынша мамандық тақырыбында оқушылармен жұмыс істеу жалғастырылады.
Ұсыныс: төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жекелей сөйлесіп, немесе сынып сағаттарында мамандық тақырыбына байланысты бағыт бағдар беру, кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Өткізген мектеп педагог-психологы А.Ж. Индиульмесова