Текст
2026 жылғы 28 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінде «Шығармашылық» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті.Онкүндіктің мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көркемдік-эстетикалық бағыттағы пәндерге қызығушылығын арттыру, таланттарын ашу және оқушылардың өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан көрсетуіне жағдай жасау.Онкүндік аясында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және бастамаларын қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
