"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

 

Орналасу картасы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әлеуметтік желілерде теріс ағым жетегінде кетпеудің амалы»

15.04.2019

Щучинск қаласының №6 орта мектебінде 2019 жылдың  11 сәуірінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 1-11 сынып оқушыларының 154 ата-анасы қатысты. Жиналыс «Ақмола облысының ішкі саясатты басқару, конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» жоспар бойынша өткізілді.

Жиналысқа  «Ақмола облысының ішкі саясатты басқару, конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» МКМ теологы Шарипов Тоқсанбай Кайкенович және  «Арман» мектептен тыс  оқу – тәрбие жұмысы орталығының  педагог – психологы Анисимова Галина Аркадьевна қатысты.

Шарипов Тоқсанбай Кайкенович ата - аналарға  әлеуметтік желілерде теріс ағым желегінде кетпеудің  амалы туралы айтты. Адамды теріс ағым қатарына қосудың психологиялық әдістеріне тоқталып, ата - аналарға  бірнеше кеңес берді. Сондай –ақ ата-аналарға ескертпелер таратты.

Педагог – психолог  Галина Аркадьевна   ата –аналардың жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейтіндігі,  баланың психологиясы, отбасы тәрбиесі, балалардың құқығы,отбасындағы демалыс, ұлттық тәрбие жайында әңгімеледі.  

Жиналысты  мектеп  директоры  Шаяхметов Куанышбек Кабденович жалғастырды.Куанышбек Кабденович мектепті жөндеу жобасымен  таныстырды, оқу – тәрбие бойынша ата – аналарды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

Директордың оқу жөніндегі орынбасары Капарова Мақпал Океновна  3 тоқсан  дағы оқушылардың үлгерім сапасы бойынша есеп берді. 9 - 11 сыныптарды қорытынды аттестаттау емтиханына дайындық жүргізілетін консультация кестесімен таныстырды.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст