Осы жылдың 24 сәуірінде ҚР министрлігінде «Ұлы дала тарихы» атты Республикалық конференция өтті. Бұл конференцияға Щучинск қаласының №6 орта мектебінің мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптарға сабақ беретін тарих пәнінің мұғалімі Сейдуалиева Раушан Бектореевна Бурабай ауданы атынан қатысып, Ақмол облысы бойынша «жүзден жүйрік» атанды. Раушан Бектореевна Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Жылдың үздік жүз тарихшысы" атты республикалық байқауының 2 дәрежелі дипломымен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Bilim - orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығының Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін « Жылдың үздік тарихшысы » атты төсбелгімен марапатталып, куәлік берілді. №6 орта мектеп ұжымы әріптесіміз Раушан Бектореевнаны осы жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!