"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

 

Орналасу картасы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

11.08.2022

«Ақмола облысы білім басқармасы Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласы № 6 жалпы орта  білім беретін мектеп» КММ 2022-2023 оқу жылына мынадай мамандықтар бойынша бос оқытушы лауазымдарына конкурс жариялайды:

1. Бастауыш мектеп мұғалімі (оқыту қазақ тілінде) - 1 мөлшерлеме

2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (орыс тілінде оқытатын) -2 мөлшерлеме

3. Математика пәнінің мұғалімі (оқыту орыс тілінде) - 1 мөлшерлеме

4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі  (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда) - 1 мөлшерлеме

5. Аға тәлімгер (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне) -1 мөлшерлеме

6. Мектеп психологы (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда) – 1 мөлшерлеме

2022-2023 оқұ жылындағы әдістімілік нұсқау хат негізінде сыныпқа бөлінбеуіне байланысты дене шынықтыру мұғалімінің бос жұмыс орыны алынып тасталынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білуге ​​тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын,  «Білім  туралы Қазақстан Республикасының заңын», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының  тіл туралы заңын», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық, педагогикалық және коррекциялық қолдау туралы» мемлекеттік міндетті  бiлiм берудiң даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын бiлiм беру стандарты және басқа да нормативтiк құқықтық актiлер;

  • оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие үрдісі, оқыту және  бағалау әдістемесі; 
  • педагогика және психология;
  •  пәнді оқыту әдістемесі , тәрбие жұмысы, оқу құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
  •  педагогикалық әдеп нормалары:
  • оқу кабинеттері мен қосалқы бөлмелердің жабдықталуына қойылатын талаптар;
  •  құқық негіздері және еңбекті ғылыми ұйымдастыру, экономика; 
  • еңбек заңнамасының негіздері, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелері, өрттен қорғау, санитарлық ережелер мен нормалар. 

Кәсіби құзыреттіліктердің анықтамасымен  біліктілікке қойылатын талаптары:

«мұғалім», «мұғалім – сарапшы», «оқытушы – зерттеуші», «оқытушы - шебер» жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.

Өтініш 2022 жылдың 10 тамызынан 22 тамызына дейін қабылданады. 

Байқау 2022 жылдың 25-31 тамыз  аралығында өтеді. 

Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен  бұйрығы негізінде өткізіледі.«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының басшыларын конкурстық жолмен ауыстыру және мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымдарына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы орта білім және қосымша  білім беру бағдарламалары»

Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

1) қоса берілген тізімді көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар; 

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефондары – бар болса); 

4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері: 2/3

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ - 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 

8) наркологиялық ұйымының анықтамасы; 

9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, оқытушы-шебер біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);

10) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға кандидатты бағалау парағы.

Бар болған жағдайда кандидат өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (құжаттардың көшірмелері) ұсынады. (біліктілігін арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары). 

Құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады. 

Просмотров: 233


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст