"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

 

Орналасу картасы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

08.02.2023

Жыл сайын "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің , мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерін жария талқылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.

         Ағымдағы жылдың 1-30 наурыз аралығында ауданның білім беру ұйымдарының сайттарында "Қызмет" бөлімінде, "Мемлекеттік қызметтер" "Жария талқылаулар" кіші бөлімінде 2022 жылғы мемлекеттік қызметшілерде қызмет көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады. Аудан тұрғындарына "Түсініктеме" бөлігіне ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі. Ауданның барлық тұрғындарына қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.

Просмотров: 7626


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст