Текст
"Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қызметі туралы "Мейірім төгетін ана" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені мектеп кітапханашысы Вишнякова Анита Альфредовна дайындады.
3 "А" сыныбында «Адамның қадірлісі-жомарт кісі» атты ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар Абай Құнанбаевтың сөздерін оқыды, бейнефильм көрді, сұрақтарға жауап берді, отбасы, достық туралы шағын жобалар ұсынды.