Текст
ҚР президенті Н.Назарбаев латын негізіндегі қазақ
әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті, - деп хабарлайды Ақорда сайты. Елбасы
"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына
өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ жариялады.
1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын
графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26
қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат)
мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына
негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.