"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №6 жалпы орта білім беретін мектебі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №6 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц.сетях

 

Орналасу картасы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

05.01.2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары

пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23

қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы


БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 4991-мен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарындағы нысандар:

бұйрықтарды тіркеу кітабы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

мектептің педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

оқушыларды жазатын алфавиттік кітап осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

жеке іс қағаздары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

1-4-сыныптар үшін сынып журналы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

5-11 (12)-сыныптар үшін сынып журналы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

факультативтік сабақтардың журналы осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

мектепалды сыныптарының журналы осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

оқушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабын осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

оқушының сабақ үлгерімі және тәртібі туралы табелді осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

оқушының сабақ үлгерімі және тәртібі туралы табелді осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлікті беру және есепке алу кітабы осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

мақтау грамотасы және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

кеткен оқушыларды есепке тіркеу кітабы осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

келген оқушыларды есепке тіркеу кітабы 18-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде елтаңбалық мөрімен куәландырылған қағаз данасы қосымшасының электронды тасығышта ресми жариялауды;

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқұқтық актілердің эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін осы бұйрықты қол қоюға уәкілетті адамның куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің расталған мөрлі электронды және басылымды түрін жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев

Просмотров: 456

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст