«Зерде-2017» облыстық байқауының жеңімпаздары
Көкшетау қаласында 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде-2017» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Шара Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылыған мектеп-интернатында болып өтті.
Биыл 19 оқушы бірінші орынды иеленіп, оларға дипломдар мен медальдар табысталды. Екінші орынды 37 бала, үшінші орынды 47 бала тең бөлісті. Байқауға облыстың 15 ауданынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан жалпы 180 жас зерттеуші қатысты.
Байқаудың мақсатына балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және кіші және орта жастағы оқушыларыдың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру жатқызылады. Шараның ұйымдастырушысы болып табылатын Оқушылар өз жұмыстарын төмендегі секциялар бойынша таныстырды: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, этномәдениеттану, өлкетану, биология, химия, экология, валеология.
Щучинск қаласының № 6 ОМ, 3 «Б» оқушылары Куколева Полина және Бабкова Анастасия (жетекшісі Бондаренко Ольга Сергеевна ) байқауға қатысып үшінші орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!
Бардащук К.Н., ҒЖ жетекшісі