Педагогикалық үміт 2018
Біздің ауданымызда жылда жас педагогтар үшін «Педагогикалық үміт» конкурсын өткізу дәстүрге айналған. Мұғалім-жас тұлғаның рухани әлемінің мүсіншісі, қоғамның сенімді өкілі, оған ең қымбаттыны, ең құндыны-балаларды, өзінің үміті мен болашағын сеніп тапсырады. Бұл міндеттерді атқаруда жас педагогтарға ерекше міндет жүктелген. Олар өздерімен бірге мектептерге жастарға тән әуесқойлықты, ізденуге деген құштарлықты, жаңа білімнің лебін және сын тұрғысынан ойлауды әкеледі. Біздің конкурстың мақсаты-жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуеттерін ашу және кәсіптік белсенділіктерін дамыту болып табылады.
Конкурс екі кезеңде өтті. Біріншісі - сырттай кезең болды, мұнда «Менің мамандықтағы алғашқы қадамдарым» атты эссені бағалау көзделді. Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясында конкурстың екінші туры өткізілді Щучинск қ. №1 М/Г, Щучинск қ. №3 ОМ, Щучинск қ. №5 ОМ, Щучинск қ. №6 ОМ, Щучинск қ. №7 М/Л, Щучинск қ. №8 М/Г, Щучинск қ. №10 жалпы типтегі мектеп-интернатының, Досов атындағы ОМ жас педагогтарын Бурабай ауданының білім бөлімінің басшысы Төлегенов Ж.М. құттықтап, конкурста сәттілік тіледі. Конкурстың барысында қатысушылар өздерін таныстырды, презентация форматында авторлық сабақтарын көрсетіп, өздерінің педагогикалық идеяларын қорғады. Ойдың креативтілігін, білімпаздықтарын, «Суырып салу» конкурсының барысында қатысушылар көрсете білді.
Мерекелік іс шараның тамаша қорытындысы ретінде қатысушыларды, жүлдегерлер мен жеңімпазды марапаттауды айтуға болады. 1 орынды Оразақын Ж. Щучинск қ. №9 М/Г химия пәнінің мұғалімі, 2-орынды – Сердалина А.А., Щучинск қ. №10 жалпы типтегі мектеп-интернатының ағылшын тілі мұғалімі, Мартин Н.А., Щучинск қ. №6 ОМ бастауыш сынып мұғалімі, Щучинск қ.№1 М/Г информатика мұғалімі, 3-орынды Шаповалова А.С., Щучинск қ. №1 М/Г информатика мұғалімі, Зырянов С.И., Досов атындағы ОМ математика мұғалімі, КаримовА.А., Щучинск қ. №5 ОМ информатика мұғалімі иеленді.
Жеңімпаздарымды, сол сияқты, барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс және кәсіптік деңгейлерінің өсуіне тілектеспіз!